Ташкентте Халықаралық бейнелеу және қолданбалы өнер фестивалі басталды
Ташкент қаласындағы Орталық көрмелер залында Өзбекстан Көркемөнер академиясының шығармашылық жобаларының бірі – Халықаралық бейнелеу және қолданбалы өнер фестивалі өз жұмысын бастады.
Осыған орай ұйымдастырылған шараға министрліктер мен ведомстволардың өкілдері, шығармашылық ұйымдар, танымал суретшілер, мүсіншілер, халық шеберлері және студент жастар қатысты.
[gallery-28861]
Бес күнге жалғасатын фестиваль аясында жастар бейнелеу және қолданбалы өнердің 34-тен астам бағыты бойынша өз шеберліктерін көрсетеді. Шараға тек жергілікті өнерпаздар ғана емес, сондай-ақ Қытай, Корея Республикасы, Түркия, Франция, Румыния, Ресей сынды елдерден келген өнер өкілдерінің туындылары да қойылған. Бұл өзара тәжірибе алмасуға және мәдени байланыстарды нығайтуға зор ықпал етеді.