Президент Шавкат Мирзиёев Жавохир Синдоровпен телефон арқылы сөйлесті
Президент Шавкат Мирзиёев Халықаралық шахмат федерациясының Үміткерлер турнирі жеңімпазы Жавохир Синдоровпен телефон арқылы сөйлесті.
Мемлекет басшысы жас гроссмейстерді Өзбекстан шахмат тарихында алғаш рет осы беделді турнирде жеңіске жетіп, тарихи табысқа қол жеткізгенімен құттықтады.
Сұхбат барысында Жавохир Синдоровтың бұл турнирде бұрын-соңды ешкім бағындырмаған биікті бағындырғаны, 13 партияда 6 рет жеңіске жетуі спорт әлемінде сирек кездесетін ерекше жетістік екені атап өтілді.
Мемлекет басшысы жас гроссмейстердің әлемнің ең мықты ойыншыларына қарсы әр партияда батылдық пен шеберлік танытып, күшті ерік-жігер, жоғары интеллектуалдық деңгей және табандылық қасиеттерін көрсете білгенін айтты.
Президент алда Жавохир Синдоровты әлем чемпионы атағы үшін шешуші әрі мәртебелі матч күтіп тұрғанын атап өтіп, алдағы ойындарда оған сәттілік, күш-қуат және жаңа жеңістер тіледі.
Сондай-ақ, биыл Самарқанд қаласында өтетін 46-шы Дүниежүзілік шахмат олимпиадасында Жавохир Синдоровтың қатысуы ұлттық құрамаға үлкен серпін беретіндігі айтылды.
Осы орайда Мемлекет басшысы Жавохир Синдоровтың ата-анасын, жақындарын, ұстаздары мен бапкерлерін де тарихи жеңіспен құттықтады.
Жавоҳир Синдоров өз кезегінде арнайы назар аударып, шынайы құттықтау мен сенім үшін Президентке алғыс білдірді.