Өзбекстан Президенті «Anadolu Group» холдингінің басшысымен кездесу өткізді
Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев Анкара қаласында «Anadolu Group» холдингінің басқарма кеңесінің төрағасы Камилхан Сүлейман Языджыны қабылдады.
Кездесуде компанияның салқын сусындар мен автомобиль жасау салаларында Өзбекстан нарығына салған ірі инвестициялары еліміздегі реформаларға деген сенімнің айқын көрінісі екені ерекше атап өтілді.

Атап айтқанда, Самарқандтағы «СамАвто» кәсіпорнын жаңғырту, өндірістік қуаттар мен экспорттық өнім көлемін арттыру жөніндегі қосымша инвестициялық жобалар талқыланды.

Кездесу барысында Түркияның ірі бөлшек сауда желісін Өзбекстан нарығына шығару, мал шаруашылығы кешенін салу, ет және сүт өнімдерін өндіруді жолға қою сияқты перспективалы бағыттар да қарастырылды.