Мемлекет басшысы «Evyap Holding» компаниясы басқарма кеңесінің мүшесін қабылдады
Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев Анкарада «Evyap Holding» компаниясы басқарма кеңесінің мүшесі Умер Эвьяпты қабылдады.
Кездесу барысында компания өкілі Жаңа Өзбекстанда түрік компаниялары үшін жасалып жатқан қолайлы жағдайлар мен беріліп отырған кең ауқымды жеңілдіктердің арқасында олардың саны жыл сайын артып келе жатқанын атап өтті.

«Evyap Holding» компаниясы жеке гигиена және косметикалық өнімдер өндіру саласындағы мол тәжірибесіне сүйене отырып, өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге және перспективалы жобаларды бірлесіп жүзеге асыруға дайын екенін білдірді.

Кездесуде «OSTIM Global» Өзбекстан – Түркия индустриялық аймағында қолға алынған жаңа жобаны жеделдету жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілді. Сондай-ақ өндіріс үшін қажетті шикізатты жергіліктендіру мүмкіндіктері жан-жақты қарастырылды.