Өзбекстан мен Қазақстан стратегиялық серіктестікті нығайтудағы мүмкіндіктерді тиімді пайдаланбақ
Душанбе қаласында өткен Орталық Азия мемлекеттерінің IV парламентаралық форумы аясында Өзбекстан Республикасы Олий Мажлис Сенатының Төрайымы Танзила Нарбаева Қазақстан Республикасы Құрылтайының Төрағасы Айбек Дәдебаймен кездесті.
Кездесуде Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастық қатынастарды одан әрі нығайту, парламентаралық ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеру мәселелері талқыланды.
Сауда, экономика, көлік-логистика салаларындағы, сондай-ақ өңіраралық ынтымақтастықты кеңейту және жоғары деңгейде қол жеткізілген келісімдердің іс жүзінде орындалуын парламенттер тарапынан қолдау мәселелеріне назар аударылды.

Парламентаралық ынтымақтастықтың институционалдық негіздерін жетілдіру жөнінде бірқатар ұсыныс айтылды. Атап айтқанда, бірлескен парламентаралық комиссия құру мүмкіндігін қарастыру, 2027–2028 жылдарға арналған жол картасын әзірлеу, сауда және көлік мәселелері бойынша ынтымақтастықты күшейту, жасанды интеллектіні құқықтық реттеу және дербес деректерді қорғау салаларында тәжірибе алмасу ұсынылды.

Парламент комитеттері арасындағы байланысты жандандыру, Мемлекет басшыларының келісімдерінің орындалу барысын тұрақты талқылап отыру, парламенттердің әйел мүшелері мен жас депутаттары арасындағы қарым-қатынасты нығайту маңызды екені атап өтілді.
Кездесу соңында екі ел парламенттері арасындағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейту және қолда бар мүмкіндіктерді тиімді пайдалану жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілді.