Эльбрус тауында сегіз альпинист жоғалып кетті
Эльбрус шыңын бағындыруға шыққан сегіз адамнан тұратын альпинистер тобы жоғалып кетті.
Ресей Төтенше жағдайлар министрлігінің Кабардин-Балқария Республикасындағы бас басқармасының мәліметінше, Эльбрус шыңын бағындыруға шыққан сегіз адамнан тұратын альпинистер тобы белгіленген уақытта байланысқа шықпаған.
Қазіргі уақытта оларды іздеу үшін 14 тәжірибелі құтқарушы жұмылдырылды.
Мамандар таудың оңтүстік беткейінде іздеу-құтқару жұмыстарын жүргізіп жатыр. Жоғалғандардың арасында 14 жастағы жасөспірім де бар.