СІМ басшысы Швейцария мен Германия елшілерінен сенім грамоталарының көшірмелерін қабылдады
Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрі Бахтиёр Саидов Швейцария мен Германия Федеративтік Республикасының Өзбекстандағы жаңадан тағайындалған Төтенше және Өкілетті Елшілерінен сенім грамоталарының көшірмелерін қабылдап алды.
СІМ мәліметінше, Бахтиёр Саидов Швейцарияның Өзбекстандағы жаңадан тағайындалған Төтенше және Өкілетті Елшісі Симон Гигердің сенім грамоталарының көшірмелерін қабылдап алған.
Сондай-ақ СІМ басшысына Германия Федеративтік Республикасының Өзбекстандағы жаңадан тағайындалған Төтенше және Өкілетті Елшісі Маттиас Фоллерттен сенім грамоталарының көшірмелерін тапсырған.
Хабарда айтылуынша, кездесулер барысында екіжақты күн тәртібіндегі өзекті мәселелер талқыланып, жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды уақтылы әрі сапалы жүзеге асырудың маңыздылығы атап өтілген.