Өзбекстан мен АҚШ стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуды талқылады
Өзбекстанның сыртқы істер министрі Бахтиёр Саидов АҚШ Мемлекеттік хатшысының Оңтүстік және Орталық Азия істері жөніндегі көмекшісі Самир Пол Капурмен кездесті.
Кездесу барысында Өзбекстан мен АҚШ арасындағы стратегиялық серіктестіктің соңғы жылдары сапалық тұрғыдан жаңа деңгейге көтерілгені атап өтілді. Мемлекет басшылары арасындағы тығыз әрі тұрақты диалог екіжақты ынтымақтастыққа жаңа серпін беріп отырғаны айтылды.

Тараптар өзара қарым-қатынасты одан әрі тереңдету, сондай-ақ әртүрлі деңгейдегі алдағы іс-шараларға тыңғылықты дайындалу мәселелерін талқылады. Сонымен қатар, «C5+1» форматы аясындағы ынтымақтастық, өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.