Өзбекстанның Бірінші ханымы ШЫҰ саммиті аясындағы мәдени іс-шараларға қатысты
Өзбекстан Республикасының Бірінші ханымы Зироат Мирзиёева Қырғыз Республикасы, Әзербайжан Республикасы, Түркия Республикасы және Қытай Халық Республикасының Бірінші ханымдарымен бірге Бішкек қаласында Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті аясында ұйымдастырылған мәдени іс-шараларға қатысты.
Бірінші ханымдар қырғыз халқының сәндік-қолданбалы өнер шеберлерінің туындылары қойылған көрмені тамашалады.


«Салбуурун» ұлттық федерациясының өкілдері қонақтарға қырғыз тайгандары мен қолға үйретілген бүркіттерді таныстырып, ежелгі аңшылық дәстүрлері туралы ақпарат берді.


Бағдарламаның соңында «Энесай» қабылдау үйінде жоғары мәртебелі қонақтарға Қырғызстанның балалар музыкалық және би ұжымдарының концерті ұсынылды.
ӨзА