Өзбекстанда егіз сәбилер дүниеге келуі көбейді
2022 жылдың қаңтар-қараша айларында республикада 18 230 егіз нәресте тіркелген.
Мемлекеттік статистика комитетінің мәліметінше, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1408-ге көп.
Облыстар бойынша 10 айда туған егіздердің ең көп саны Самарқанд облысында тіркелді – 2122 сәби.
Одан кейінгі орындарды сәйкесінше Қашқадария облысы (1888) мен Ферғана облысында (1717) көп егіз сәбилер дүниеге келген.