Алматыда Өзбекстан – Қазақстан бизнес-форумы өтті
Бүгінде Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту, өзара тауар айналымын арттыру және инвестициялық ынтымақтастықты дамыту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіліп келеді.
Өзбекстан Сауда-өнеркәсіп палатасының мәліметінше, осындай игі жұмыстар жалғасы ретінде Алматы қаласында екі елдің іскер топтары өкілдері қатысқан бизнес-форум өтті.
Іс-шара аясында 300-ге жуық кәсіпкердің қатысуымен өнімдер көрмесі, B2B форматындағы кездесулер, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен бизнес өкілдері арасындағы G2B келіссөздері өтті.
Өзбекстан Сауда-өнеркәсіп палатасы төрағасының орынбасары Шерзод Ибрагимов, Өзбекстанның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Бахтиёр Ибрагимов және өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры Чингизхон Маманов қатысқан кездесулерде экспорт пен импорт көлемін ұлғайту, бірлескен өндіріс жобаларын іске қосу мәселелеріне назар аударылды.
Атап айтқанда, логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейту және перспективалы инвестициялық бастамаларды жүзеге асыру жөнінде нақты ұсыныстар қаралды.
Форум екі ел кәсіпкерлеріне жаңа серіктестер табуға, тікелей іскерлік байланыс орнатуға және өзара тиімді жобаларды қолға алуға мүмкіндік берген маңызды диалог алаңына айналды.
Айта кетейік, күні кеше Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы «Жібек жолы -Ғишткуприк» шекара өткізу бекеті күрделі жөндеуден кейін жолаушылар үшін қайта ашылды.