Өзбекстан тұрақты халық саны бойынша әлемде 41-орында тұр
Жер шарындағы халқының саны 8 миллиардтан асты. Өзбекстан тұрақты тұрғындар саны бойынша әлемде 41-ші орында.
2022 жылғы 15 қарашадағы жағдай бойынша Өзбекстан Республикасының тұрақты тұрғындарының саны 35,9 миллион адамды құрады.
Мемлекеттік статистика комитетінің алдын ала мәліметі бойынша, олардың 18,1 миллионы ерлер, 17,8 миллионы әйелдер.
Біріккен Ұлттар Ұйымының мәліметіне сәйкес, 2022 жылғы 15 қарашадағы жағдай бойынша Жердегі жалпы халық саны 8 034,3 миллион адамға жетті. Мұнда ерлер 50,5 пайызды, әйелдер 49,5 пайызды құраған.
Өзбекстан Республикасы халық саны бойынша Әлем елдері арасында 41 орынды иеленді.