Криштиану Роналду «Ал-Наср» клубымен алғашқы жүлдесіне қол жеткізді
Португалиялық супер жұлдыз Криштиану Роналду Сауд Арабиясының «Ал-Наср» клубымен алғашқы ресми жүлдесіне қол жеткізді.
Сауд Про-Лигасы 34-туры аясында «Ал-Наср» клубы өз алаңында «Дамак» клубын қабылдап 4:1 есебімен жеңіске жетті.
Осылайша «Ал-Наср» клубы Про-Лигасының чемпиондығына мерзімінен бұрын қол жеткізді.
Бұл португалиялық футболшы үшін клубтар деңгейінде 2021 жылдан кейінгі жүлде болды. Ол 2021 жылы «Ювентус» сапында Италия Кубогын жеңіп алған еді.
«Ал-Наср» клубы болса, 2019 жылы ел чемпионы атанған. Араға 7 жыл салып, команда өз тарихында 11-рет чемпиондық атақты жеңіп алып, трофейді басынан асырды.