Өзбекстан Президенті жұмыс сапарымен Ресейге барады
Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннің шақыруымен 4-5 маусым күндері жұмыс сапарымен Санкт-Петербург қаласына барады.
Мемлекет басшысы «Прагматикалық диалог – тұрақты болашаққа жол» атты 29-шы Петербург халықаралық экономикалық форумының пленарлық отырысына қатысып, сөз сөйлейді.
Өзбекстан басшысы әлемдік экономикадағы ахуал, Өзбекстан – Ресей экономикалық ынтымақтастығын дамыту перспективалары жөніндегі пікірлерімен бөлісіп, сондай-ақ елді дамытудың қазіргі басым бағыттарына тоқталады.
Сапар бағдарламасында Владимир Путинмен кездесу өткізу және Өзбекстандағы алғашқы интеграцияланған атом электр станциясының құрылысына ресми түрде бастау беру рәсіміне қатысу жоспарланған.