Өзбекстан мен Сауд Арабиясы туризм саласындағы стратегиялық ынтымақтастықты кеңейтеді
Азия даму банкінің 59-жылдық жиыны аясында Өзбекстан Республикасының Туризм комитетінің төрағасы Абдулазиз Аққұлов ACWA Power компаниясының негізін қалаушысы және директорлар кеңесінің төрағасы, сондай-ақ Vision Invest компаниясының басшысы Мұхаммед Абунайян бастаған Сауд Арабиясы делегациясымен кездесті.
Келіссөздер барысында заманауи туристік кластерлерді қалыптастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, энергетикалық шешімдерді интеграциялау, көлік және логистика инфрақұрылымын дамыту, сондай-ақ заманауи қала құрылысы тәсілдерін енгізу бағыттары талқыланды.

Кездесу соңында бірлескен жұмыс тобын құру, нақты іс-қимыл жоспарын әзірлеу және басым инвестициялық жобаларды айқындау бойынша келісімдерге қол жеткізілді.

Мұхаммед Абунайян ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге қызығушылық білдіріп, өзбек делегациясын 2026 жылдың қазан айында Эр-Рияд қаласында өтетін Инвестициялық форумға қатысуға шақырды.

Сондай-ақ Өзбекстанда жүргізіліп жатқан реформалар, жоғары деңгейдегі қауіпсіздік пен елдің ашықтығы бірлескен жобаларды жүзеге асыру үшін қолайлы жағдай қалыптастырып отырғаны ерекше атап өтілді.