Жыл басынан бері Өзбекстанға 2,8 миллионнан астам турист келді
2026 жылдың қаңтар–наурыз айларында 164 елден жалпы 2 872 502 шетел азаматы туристік мақсатта Ұлы Жібек жолының жүрегіне айналған Өзбекстанға табан тіреп, елдің бай тарихы мен қайталанбас мәдениетін тамашалады.
Ұлттық статистика комитеті мәліметіне сәйкес, бұл көрсеткіш өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 770 мың адамға немесе 36,6 пайызға артқан.
Самарқандтың көгілдір күмбездеріне сүйсінген, Бұхараның көне көшелерінде өткеннің үнін естіген, Хиваның қамалдарына таңданыспен қараған мыңдаған туристер саны бойынша ТОП-10 ел қатарында Қырғызстан (807 095 адам) көш бастап тұр. Келесі кезекте Тәжікстан (713 904 адам), Қазақстан (681 921 адам) елдері орналасқан.
- Ресей – 223 285 адам
- Ауғанстан – 120 184 адам
- Қытай – 87 023 адам
- Түрікменстан – 79 046 адам
- Түркия – 39 445 адам
- Үндістан – 12 600 адам
- Корея Республикасы – 7 813 адам
Бұл деректер Өзбекстанға деген туристік қызығушылықтың айтарлықтай артып келе жатқанын көрсетеді. Бүгінгі Өзбекстан – тек тарихи мұраларымен ғана емес, қонақжайлығымен, дамып келе жатқан инфрақұрылымымен және жаңа туристік бағыттарымен де ерекшеленеді.