Өзбекстан бейбіт елдер рейтингінде 60-орынға жайғасты
Экономика және бейбітшілік институты жариялаған жыл сайынғы Global Peace Index (GPI) рейтингі бойынша Өзбекстан 163 елдің ішінде 60-орынға жайғасты.
Бұл рейтинг елдердегі қауіпсіздік деңгейі, қылмыс көрсеткіші, ішкі және халықаралық жанжалдардың болмауы, мемлекеттік басқару сапасы сияқты 23 сапалық және сандық көрсеткішке негізделіп есептеледі.
Рейтинг 1-ден 5-ке дейінгі шкала бойынша түзіледі, мұнда балл неғұрлым төмен болса, ел соғұрлым бейбіт әрі қауіпсіз саналады. Өзбекстан 1,96 балл жинап, жүйенің алғашқы жартысынан орын алды.
Орталық Азия елдерінің көрсеткіштері:
- Қазақстан – 59-орын
- Өзбекстан – 60-орын
- Тәжікстан – 72-орын
- Қырғызстан – 78-орын
- Түрікменстан – 83-орын
Бұрынғы кеңестік елдер арасындағы өзгерістер:
- Армения 66-орыннан 77-орынға түсіп кеткен
- Әзербайжан 95-тен 106-орынға
- Грузия 94-тен 100-орынға төмендеген
Ресей (156) мен Украина (159) рейтингтің соңғы қатарларына жайғасып, әлемдегі ең қауіпті елдер қатарынан көрінді. Ал ең соңғы орында Йемен тұр — мұнда қарулы қақтығыстар, гуманитарлық дағдарыс пен саяси тұрақсыздық әлі жалғасып келеді.
Ең тыныш бес ел:
- Исландия
- Ирландия
- Австрия
- Жаңа Зеландия
- Сингапур
Бұл мемлекеттер қауіпсіздіктің жоғарғы деңгейі, қылмыстың төмендігі, ішкі-сыртқы қақтығыстардың жоқтығы және тұрақты мемлекеттік институттарымен ерекшеленеді.