Өзбекстан Ауғанстанға гуманитарлық көмек жіберді
Құрбан айт қарсаңында Өзбекстан көрші елге жанашырлық пен бауырмалдықтың жарқын үлгісін ретінде, табиғи апат салдарынан қиын жағдайға тап болған Ауғанстан халқына 200 тонна гуманитарлық көмек жіберді.
Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевтің тапсырмасына сәйкес, халықтың кеңпейілдігі мен қолдауын білдіретін бұл ізгі бастама Құрбан айт мерекесі аясында әрі су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға көмек көрсету мақсатында жүзеге асырылды. Азық-түлік тиелген гуманитарлық жүк Балх провинциясына жеткізілді.

Гуманитарлық көмек Хайратон қаласындағы «Astras» компаниясы аумағында салтанатты түрде тапсырылды. Іс-шараға Өзбекстан Республикасы Президентінің Ауғанстан жөніндегі арнайы өкілі Исматилла Иргашев, Сұрхандария облысының әкімі Ұлықбек Қосимов, Балх провинциясы губернаторының орынбасары Нурулходи Абуидрис және екі елдің ресми өкілдері қатысты.
Гуманитарлық жүк құрамында ұн, күріш, қант, макарон және кондитерлік өнімдер, өсімдік майы, ноқат пен тез дайындалатын тағамдар бар.


Ауғанстан билігі көрсетілген көмек үшін Өзбекстан Президенті мен халқына шынайы алғысын білдіріп, Құрбан айт мерекесіне орай ізгі тілектерін жеткізді. Бұл көмек — қиын сәтте көршіге сүйеу бола білетін адамгершілік пен достықтың айқын көрінісі болды.