Өзбекстан мен Қатар әскери ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойды
Өзбекстан мен Қатар қорғаныс министрлері Дохада өткен кездесуде өңірлік қауіпсіздік саласындағы өзгерістерді талқылады.
ӨР Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, Қорғаныс министрі генерал-лейтенант Шухрат Холмухамедов 21 мамыр күні Дохаға сапар жасап, Қатар Премьер-министрінің орынбасары әрі қорғаныс істері жөніндегі мемлекеттік министр шейх Сауд бен Абдулрахман бен Хассан Әл Сәнимен кездесті.
Министрлік мәліметіне сәйкес, кездесу барысында өңірлік қауіпсіздік саласындағы соңғы өзгерістер мен жаңалықтар қарастырылып, қазіргі жағдайды ескере отырып, әскери ынтымақтастық пен бірлескен үйлестіру мәселелері талқыланды.
Кездесу соңында Өзбекстан мен Қатар арасында әскери ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды, делінген хабарламада.