Иранда еріктілер армиясы жасақталып жатыр
Иранда елді АҚШ-тың ықтимал шабуылынан қорғауға бағытталған мыңнан астам еріктілер батальоны құрылады.
«АРА» басылымының жазуынша, Ислам Республикасының әрбір азаматы бастамаға қатысып, елді қорғауға ерікті ретінде тіркеле алады. Келіп түскен өтініштер санының өте көп болуына байланысты ұйымдастырушылар мыңнан астам батальон құру туралы шешім қабылдаған.
Хабарға сәйкес, осы уақытқа дейін 31,5 миллионнан астам өтініш қабылданған. Тіркелген еріктілер 15 қыркүйектен кейін әскери даярлық және алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша арнайы курстарға қатысады.