Шри-Ланкада қарттар үйінде өрт шығып, 12 адам қаза тапты
Шри-Ланкадағы қарттар үйінде өрт шығып, оқиға салдарынан 12 адам қаза тапты.
NDTV мәліметінше, қайғылы жағдай ел астанасы Коломбо қаласынан 55 шақырым қашықтықта орналасқан «Maupiya Sewana Elders Home» деп аталатын қарттар үйінде болған. Оқиға салдарынан 12 адам қаза тауып, тағы алты адам жарақат алған.
Оқиғадан кейін қарттар үйінің менеджері қамауға алынған.Қазіргі уақытта полиция аман қалған тұрғындар мен көршілерден жауап алып жатыр. Мекемеде қарттардан бөлек, психикалық мәселелері бар жастар да тұрған. Ақпараттарға қарағанда, қаза болғандардың ең жасы 17 жастағы жасөспірім болған.
Полиция өкілі Фредрик Вутлердің айтуынша, құтқарылған 51 тұрғын мен қызметкер жақын маңдағы мемлекеттік мекемеге көшірілген.