Францияда алғаш рет Эбола вирусы тіркелді
Францияда алғаш рет Эбола вирусын жұқтыру дерегі тіркелді. Инфекция Конго Демократиялық Республикасындағы гуманитарлық миссиядан оралған дәрігерден анықталған.
Науқас Парижге келген бойда оқшауланып, арнайы медициналық мекемеге жатқызылды. Дәрігердің жағдайы тұрақты деп бағалануда. Онымен байланыста болған адамдар 21 күндік медициналық бақылауға алынды.
Қазіргі уақытта Эбола індетінің негізгі ошағы Конго Демократиялық Республикасы болып отыр. Елде 900-ден астам адам ауру жұқтырып, 200-ден аса адам көз жұмған. Вирус көршілес Угандаға да таралған.