Үндістан Ресейдегі еңбек мигранттарының саны бойынша Қытайды басып озды
«Сколково» Мәскеу басқару мектебі мен «Интруд» компаниялар тобы жүргізген зерттеуге сәйкес, биыл Үндістан азаматтары Ресейде жұмыс істеу үшін виза талап етілетін елдер арасында еңбек мигранттарының саны бойынша бірінші орынға шықты.
Бұған дейін жұмысшылар, компания қызметкерлері мен кәсіпкерлердің дәстүрлі негізгі көзі саналған Қытай көш бастап келсе, Үндістан екінші орында тұрған еді.
Ақпаратқа сәйкес, 2026 жылы Қытай азаматтары үшін 89 057 жұмыс орны бөлінгені, ал Үндістан азаматтарына арналған көрсеткіш 90 384 орынға жеткені айтылған.
Жалпы алғанда, Ресейде шетелдік азаматтарды жұмысқа тартуға берілген рұқсаттардың саны 278 940-ты құраған.