Үшқұдықтың бүгінгі келбеті
ФОТОРЕПОРТАЖ
Науаи облысының орталығынан 300 шақырым қашықтықта орналасқан Үшқұдық ауданы халық арасында босқа «Шөлдегі бақ» немесе «Қызылқұм жауһары» атанып жүрген жоқ. Бұл мекен бүгінде тек табиғи байлықтарымен ғана емес, еңбекқор халқы, тыныш әрі жайлы өмір салты, ұлттар арасындағы татулығымен де ерекшеленіп келеді.
[gallery-23641]
Қазіргі таңда 37,5 мыңға жуық тұрғын мекен еткен бұл аудан қарқынды даму жолына түсіп отыр. Айта кетерлік жайт, мұнда 20-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдері тату-тәтті өмір сүріп, ортақ өркендеуге өз үлестерін қосып келеді. Үшқұдықтың мақтанышы – уран мен алтынға бай кен орындары, мал шаруашылығы өнімдері, сондай-ақ кеңпейіл, қонақжай, мейірімді халқы.
Үшқұдық – бұл жай ғана шөлдегі қала емес, әрбір тұрғыны арқылы биіктеп келе жатқан, шын мәнінде, даланың құшағындағы берекелі өлке.
суреттерді түсірген С.АСЛОНОВ, ӨзА