Сенат Төрағасы АҚШ елшісімен кездесті
Өзбекстан Олий Мажлисі Сенатының Төрағасы Танзила Нарбаева АҚШ-тың Өзбекстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Джонатан Хеникпен кездесті.
Кездесуде Өзбекстанда жүзеге асырылып жатқан реформалар нәтижесінде Өзбекстан мен АҚШ арасындағы көпжақты қарым-қатынастардың стратегиялық серіктестік деңгейіне көтерілгені айрықша атап өтілді.

Сұхбат барысында алдағы уақытта сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту, екі елдің іскер топтары, әсіресе кәсіпкер әйелдер арасындағы тұрақты байланыстарды орнату мәселелері талқыланды.
Кездесу барысында Өзбекстанда халықты әлеуметтік қорғау мемлекеттік саясат деңгейіне көтерілгені және осы бағытта айтарлықтай жұмыстар атқарылып жатқаны айтылды.

Сонымен қатар, Өзбекстанда тұрақты инвестициялық ортаны одан әрі жақсарту және Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше болу үдерістері бойынша пікір алмасты.