Өзбекстанның Қырғызстанмен ынтымақтастығына қатысты өзекті мәселелер талқыланды
Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев «C5+1» форматындағы сыртқы істер министрлерінің кездесуіне қатысу үшін Самарқанд қаласына келген Қырғыз Республикасының сыртқы істер министрі Жээнбек Кулубаевті қабылдады.
Сыртқы саясат ведомствосының басшысы Мемлекет басшысына Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаровтың сәлемі мен ізгі тілектерін жеткізді.

Өзбекстан мен Қырғызстан арасындағы достық, тату көршілік және одақтастық қатынастарды одан әрі нығайтудың өзекті мәселелері қаралды.
Мемлекет басшысының биыл шілде айында Қырғызстанға жасаған мемлекеттік сапары барысында қол жеткізілген келісімдерді жүзеге асыруға ерекше назар аударылды.

Тауар айналымының тұрақты өсімі, жетекші кәсіпорындар мен өңірлер арасындағы кооперациялық байланыстардың жолға қойылғаны, энергетика және көлік салаларында ірі өңірлік жобалардың жүзеге асырылып жатқаны атап өтілді.

Келесі жылға арналған мәдени-гуманитарлық іс-шаралар мен өңірлер деңгейіндегі алмасулар жоспарын қабылдаудың маңыздылығы атап көрсетілді.
Тараптар Орталық Азиядағы өңірлік ынтымақтастықтың өзекті мәселелері жөнінде де пікір алмасты.