Мемлекет басшысы Түркіменстан Сыртқы істер министрін қабылдады
Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев 19 қазан күні Самарқанд қаласында «C5+1» форматындағы сыртқы істер министрлерінің кездесуіне қатысу үшін елімізге келген Түркіменстан Министрлер Кабинеті Төрағасының орынбасары – сыртқы істер министрі Рашид Мередовті қабылдады.
Кездесу басында Рашид Мередов Мемлекет басшысына Түркіменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов пен Түркімен халқының ұлттық көшбасшысы, Халық Мәслихатының Төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедовтің сәлемі мен ізгі тілектерін жеткізді.

Өзбекстан мен Түркіменстан арасындағы достық, тату көршілік және стратегиялық серіктестік қатынастарын одан әрі дамытуға қатысты өзекті мәселелер қаралды.

Барлық деңгейдегі байланыстардың қарқынды дамып келе жатқаны атап өтілді. Жақында екі ел қарым-қатынастарының тарихында жаңа тетік – Жоғары деңгейдегі стратегиялық серіктестік кеңесі құрылды. Өзара тауар айналымы мен жүк тасымалының көлемі тұрақты өсіп келеді. «Шовот – Тошовуз» шекара маңындағы сауда аймағы табысты жұмыс істеп отыр.

Жоғары деңгейде қол жеткізілген келісімдерді уақтылы жүзеге асыру, сондай-ақ Үшінші өңірлер форумына және Түркіменстан қалаларында өтетін Өзбекстан мәдениеті мен киносы күндеріне тыңғылықты дайындалу маңызды екені атап өтілді.
Өңірлік ынтымақтастық мәселелері жөнінде де пікір алмасылды.