Өзбекстан Президенті Түркіменстанға келді
Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев 7 қазан күні жұмыс сапарымен Түркіменстанға келді.
Түркіменбашы қаласының әуежайында Мемлекет басшысын Түркіменстан Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары, сыртқы істер министрі Рашид Мередов және басқа да ресми тұлғалар қарсы алды.

Сапар бағдарламасына сәйкес, Өзбекстан Президенті 8 қазанда Орталық Азия және Әзербайжан мемлекеттері басшыларының сегізінші Консультативтік кездесуіне, ал 9 қазанда Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының кезекті саммитіне қатысады.
Іс-шаралар аясында бірқатар екіжақты кездесулер өткізу де жоспарланған.



