Өзбекстан Президенті «Lotte Group» төрағасы Шин Дон Бинді қабылдады
Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев Корея Республикасына сапарының іскерлік бағдарламасы аясында «Lotte Group» төрағасы Шин Дон Бинді қабылдады.
Өзбекстан басшысы компанияның Кореяның елдегі ең ірі инвесторларының бірі екенін атап өтіп, көп жылдан бері тиімді ынтымақтастық орнап келе жатқанын айтты. Үстірт газ-химия кешенінің табысты жұмыс істеп жатқаны ерекше атап өтілді.

Кездесуде Кореяның озық технологиялары негізінде Өзбекстанда девелоперлік жобаларды жүзеге асыру мәселелері, сондай-ақ мыс фольгасын өндіру саласындағы ынтымақтастықты дамытудың перспективалары талқыланды.

Президент компанияның елдегі туристік орталықтарды басқару және қонақүй бизнесіндегі қызмет көрсету сапасын арттыру жөніндегі жоспарларын қолдады.

Кездесу соңында екіжақты жобаларды жүзеге асыру барысын тұрақты бақылауда ұстау мақсатында жұмыс тобын құру жөнінде келісімге қол жеткізілді.