Өзбекстан Президенті Корея Республикасының Премьер-министрімен кездесті
Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев Сеул қаласындағы өзіне бөлінген резиденцияда Корея Республикасының Премьер-министрі Хан Сон Сукты қабылдады.
Кездесуде айрықша стратегиялық серіктестік қатынастарды сауда-экономика, инвестиция, технология және көлік-логистика салаларында одан әрі нығайту мәселелері қарастырылды.

Инновациялық-технологиялық ынтымақтастықты тереңдетуге басымдық берілді.
Сауда, қаржы және инвестиция, цифрлық экономика мен киберқауіпсіздік салаларындағы, Кореяның озық технологиялары мен Өзбекстанның шикізат базасын пайдалана отырып, маңызды минералдарды өңдеу бағытындағы, сондай-ақ көлік және теміржол инфрақұрылымы мен өңіраралық байланыстар салаларындағы серіктестіктің перспективалары талқыланды.
