Өзбекстан Президенті Амман қаласына келді
Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев жұбайымен бірге мемлекеттік сапармен Иорданияға келді.

Елдің әуе кеңістігіне кірген сәтте Мемлекет басшысының ұшағын Иордания Корольдік әуе күштерінің жойғыш ұшақтары алып жүрді.

Алия Ханшайым атындағы халықаралық әуежайда Президентіміз бен жұбайын Иордания Королі II Абдалла бен әл-Хусейн, Ханшайымы Рания әл-Абдулла, ханзада Ғази бен Мұхаммед және оның жұбайы қарсы алды.

Жоғары мәртебелі қонақтардың құрметіне әуежайда құрмет қарауылы сап түзеді. Екі ел басшылары ресми делегация мүшелерімен амандасып, құрмет қарауылының алдынан өтті.

Сапардың негізгі іс-шаралары ертең, 24 қарашада өтеді.
