Өзбекстан Президенті мемлекеттік сапармен Иорданияға барады
Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев Иордания Хашимит Корольдігінің Королі II Абдалла бен әл-Хусейннің шақыруымен 23–24 қараша күндері осы елге мемлекеттік сапармен барады.
Сапар бағдарламасына сәйкес, Амман қаласында жоғары деңгейдегі келіссөздер, сондай-ақ екі елдің ресми өкілдері мен іскерлік орта мүшелерінің қатысуымен бизнес-форум және басқа да іс-шаралар өтеді.
Алдағы келіссөздерде Өзбекстан мен Иордания арасындағы қарым-қатынасты жаңа деңгейге көтеру, сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту мәселелері қаралады. Атап айтқанда, тоқыма, тау-кен, химия өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы және фармацевтика сияқты маңызды салалардағы серіктестікті дамытуға, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық байланыстар мен туристік алмасуды жандандыруға ерекше назар аударылады.
Келіссөздер қорытындысы бойынша бірқатар құжаттарға қол қою жоспарланып отыр.