Өзбекстан мен Ресейдің медиа футбол құрамалары арасында жолдастық кездесу өтеді
Ташкентте өтіп жатқан Өзбекстан – Ресей медиа форумы аясында екі елдің медиа футбол лигалары өкілдерінің қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті. Жиында медиа футболдың дамуы, лигалар арасындағы ынтымақтастық және алдағы жолдастық кездесу жайы сөз болды.
Баспасөз маслихатына Өзбекстан медиа футбол қауымдастығының өкілдері, елдің медиа футбол құрамасының бас бапкері Темур Кападзе, шабуылшы Санжар Турсунов, Ресей медиа футбол құрамасының бас бапкері Павел Мамаев және Ресей Медиа лигасының президенті, медиа футболдың негізін қалаушы Николай Осипов қатысты.

Мамаевтың айтуынша, кәсіби футбол мен медиа футболдың міндеттері әртүрлі болғанымен, екі бағыт та футболды кеңінен насихаттап, дамытуға қызмет етеді. Медиа футбол – жанкүйерлер үшін мереке, жастарды спортпен шұғылдануға ынталандыратын маңызды алаң.
Ол екі елдің медиа футбол лигаларының дамуын бақылап жүргенін айтып, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. Сондай-ақ Өзбекстан құрамасының биылғы футболдан әлем чемпионатына қатысатынын атап өтіп, командаға жанкүйер екенін жеткізді.
Өзбекстан мен Ресей медиа футбол лигалары командалары арасындағы кездесу бүгін сағат 16:00-де «Пахтакор» стадионында өтеді.
сурттерді түсірген А.Алижонов, ӨзА