Өзбекстан – Ресей медиа форумының екінші күні басталды
Ташкент қаласында III Өзбекстан – Ресей медиа форумының екінші күні басталды.
Кеше Өзбекстан Ұлттық ақпарат агенттігі (ӨзА) мен Ресейдің ТАСС ақпарат агенттігінің бірлесіп ұйымдастыруымен өткен форумда екі елдің медиа өкілдері, журналистер, медиа менеджерлер мен мәдениет қайраткерлері ақпарат саласындағы ынтымақтастық, бірлескен медиа жобалар әзірлеу, ұлттық мәдени мұраны заманауи контент арқылы насихаттау мәселелерін талқылады.


Пікір алмасу барысында Өзбекстан мен Ресей арасындағы медиа контент алмасуды кеңейту, фильмдер мен сериалдар, деректі жобалар және анимациялық өнімдер әзірлеу, жасанды интеллект пен цифрлық технологиялардың мүмкіндіктерін пайдалану жөнінде ұсыныстар айтылды.

Бүгін форум аясындағы кездесулер мен пікір алмасулар жалғасады.