Нөкісте Арал мәдени саммиті өз жұмысын бастады
Нөкіс қаласында алғаш рет Арал мәдени саммиті өз жұмысын бастады. Бұл ауқымды шараға танымал сарапшылар, ғалымдар, мәдениет және экология саласындағы ұйымдар өкілдері қатысуда.
Ашылу рәсімінде Қарақалпақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Төрағасы Аманбай Орынбаев, Өзбекстан Республикасы Президентінің көмекшісі Саида Мирзиёева және басқа да тұлғалар сөз сөйлеп, Мемлекет басшысының бастамасымен өтіп жатқан саммиттің маңыздылығына тоқталды.
Аталған саммит Өзбекстан Мәдениет пен өнерді дамыту қоры тарапынан ұйымдастырылған болып, өнер, мәдениет, дизайн және ғылым арқылы диалог пен ынтымақтастықты арттыруға бағытталған. Арал мәдени саммиті (ACS) Арал теңізі дағдарысы мен жаһандық климат проблемаларын шешуге арналған тұрақты шешімдерді зерттеп, жүзеге асыру үшін екі қаладағы мәдениет қайраткерлері, саясаткерлер, суретшілер мен қоршаған ортаны қорғау саласындағы сарапшылардың басын қосты.
Саммиттің Самарқанд қаласында, Орталық Азия мен Еуропа елдері басшылары қатысып жатқан Өзбекстанның экологиялық және әлеуметтік даму бағытындағы өңірлік серіктестікке бейілдігін нығайтатын алғашқы Ғаламдық климат форумымен қатар өтуі де оның маңызын арттыра түседі.
Алқалы басқосу аясында резиденциялар, зертханалар, семинарлар, көрмелер мен фестивальдер арқылы Өзбекстанның Қарақалпақстан аймағында инновация мен оң өзгерістерді енгізу көзделген. Сонымен бірге, экожүйені қалпына келтіру, жаңа жасыл кәсіпорындарды тарту және тұрақты экономикалық өсімге жол ашу мақсаты қойылған. Бұл жоба алғаш рет 2023 жылғы наурызда Нью-Йоркте өткен БҰҰ-ның Су конференциясында жарияланған. Ол жаһандық қауымдастықтың назарын Арал өңірінің экологиялық және мәдени мәселелеріне аударуда маңызды қадам болды.
– Арал мәдени саммиті – өзгерістерге жол ашатын алаң. Мәдени диалогты климат күн тәртібімен ұштастыру арқылы өнердің ұзақ мерзімді тұрақты дамуға ұмтылыстарымызға үлес қоса алатынын дәлелдейміз. «Еуропалық Одақ – Орталық Азия саммиті» мен Ғаламдық климат форумымен серіктестігіміз – мәдениеттің қоршаған орта трансформациясындағы рөлін нақтылайтын маңызды қадам, – деді Өзбекстан Мәдениет пен өнерді дамыту қорының төрайымы Гаянэ Умерова.
[gallery-22674]
Саммит аясында «Климаттың өзгеруі назарда: ұжымдық әрекеттер арқылы болашақты қалыптастыру», «Мәдениет, сәулет және мұра: климаттық әрекетке түрткі болатын қуатты күштер», «Тұрақтылықтан бөлек: болашақты табиғат, өнер және технологиялар арқылы жобалау», «Ауыл шаруашылығын мәдениет ретінде ұлықтау» сынды тақырыптарда баяндамалар тыңдалды.
суреттерді түсірген М.Хабибуллаев, ӨзА.