Наманганда «Кәсіпкер әйелдер форумы» өтті
ФОТОРЕПОРТАЖ
Наманган қаласындағы «Үш субұрқақ» саябағында облыс әкімдігі мен Әйелдер және отбасы істері басқармасының ұйымдастыруымен «Кәсіпкер әйелдер форумы» өтті.
Іс-шараға облыс әкімі Шавкат Абдураззоқов, құқық қорғау органдары мен мемлекеттік, қоғамдық ұйымдардың басшылары, сондай-ақ өңірдегі белсенді кәсіпкер әйелдер қатысты.
[gallery-23341]
Форум аясында кәсіпкер әйелдер өндірген өнімдерден арнайы көрме ұйымдастырылып, олардың ісіне қолдау көрсету, тәжірибе алмасу және іскерлік байланыстарды кеңейтуге мүмкіндік жасалды.
Сонымен қатар, қызметінде жоғары нәтижеге қол жеткізіп, белсенділігімен ерекшеленген бір топ кәсіпкер әйел облыс әкімдігінің Алғыс хатымен және естелік сыйлықтарымен марапатталды.
Форум әйелдердің кәсіпкерлік әлеуетін арттырып, өңірдегі әлеуметтік-экономикалық дамуға қосып жатқан үлесін насихаттауға бағытталған маңызды алаңға айналды.
суреттерді түсірген Х.МАМАДАЛИЕВ, ӨзА