Малайзия Израиль азаматтарын депортациялайтынын мәлімдеді
Малайзияның Премьер-министрі Анвар Ибрагим ел аумағында анықталған кез келген Израиль азаматы дереу депортацияланатынын мәлімдеді. Оның айтуынша, Куала-Лумпур Израиль мемлекетін мойындамайды.
Бұл мәлімдеме Жохор штатындағы «Network School» жеке тұрғындар қауымдастығының қызметіне Израиль азаматы қатысқан болуы мүмкін деген күдікке байланысты жүргізіліп жатқан тергеу аясында жасалды.
Жохор штаты билігінің өтінішінен кейін Малайзияның Ішкі істер министрлігі аталған жағдай бойынша ресми тексеру жұмыстарын бастаған.