АҚШда ірі орман өрті: 40 мың адам эвакуацияланды
АҚШ-тың Невада штатында тез таралып жатқан табиғи өрт салдарынан 40 мыңнан астам адам эвакуацияланды, тағы 45 мың тұрғынға эвакуацияға дайын болу жөнінде нұсқау берілді.
Hawk деп аталған өрт бір тәулік ішінде 6 мың гектардан астам аумақты шарпып, Рино қаласына 8 шақырымға дейін жақындаған. Оқиға салдарынан алты адам, оның ішінде үш өрт сөндіруші зардап шекті.
Рино қаласының мэрі Хиллари Шивтің CNN телеарнасына берген мәліметінше, тез таралып жатқан өрт салдарынан 40 мыңнан астам адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр болған.
Тағы 45 мың тұрғынға ықтимал эвакуацияға дайын болу жөнінде нұсқау берілген.