Илон Маск АҚШ-тағы әр балаға SpaceX акциясын сыйламақ
Америкалық кәсіпкер әрі миллиардер Илон Маск 2027 жылға қарай АҚШ-тағы әрбір балаға SpaceX компаниясының бір акциясын беруді жоспарлап отыр.
Бағалы қағаздарды тарату тәртібі әзірге нақтыланбаған.
Bloomberg мәліметінше, елде кәмелетке толмаған шамамен 72 миллион бала бар екенін ескерсек, акциялардың қазіргі бағасы бойынша бұл мақсатқа 10,5 миллиард доллар қажет болады.
Жақында Anthropic компаниясы акцияларының 5 пайызын қоғамдық мүдделер қорына беретінін жариялаған еді. Осыдан кейін Маск та өз шешімін мәлімдеді. Алайда Илон Маск акцияларды қорға емес, тікелей жеке тұлғаларға беруді көздеп отыр.