Канада компаниясы Қырғызстандағы алтын кенін игеруге инвестиция салады
Канаданың «Silvercorp Metals» тау-кен компаниясы Қырғызстанның Жалалабад облысындағы «Чаарат» кен орнын игеруге 556 миллион доллар инвестиция салады.
Қаражат екі жобаға бағытталады. 2026–2028 жылдары «Түлкібас» кен орнында жылына 4 миллион тоннаға дейін кен өңдеп, 3 тоннадан астам алтын өндіруге арналған құны 156 миллион долларлық зауыт салынады. Ал «Қызылтас» кен орнында 2028–2031 жылдары салынатын ірі кәсіпорынға 400 миллион доллар бөлінеді. Жылына 4 миллион тоннаға дейін шикізат өңдейтін бұл кешенде алтын өндіру көлемі 5,9–7,1 тоннаны құрайды.
Осы жылдың қаңтарында «Silvercorp Metals» Чаарат компаниясының 70 пайыз акциясын 92 миллион долларға сатып алған. Қалған 30 пайыз үлес мемлекетке тиесілі Қырғызалтын концернінің иелігінде.