Ирак АҚШ-тың көмегімен Ормуз бұғазы арқылы мұнай экспортын қайта бастады
Ирак АҚШ әскери күштерінің көмегімен Ормуз бұғазы мен Оман шығанағы арқылы мұнай экспортын қайта жандандырды.
«АзерТАЖ» агенттігінің хабарлауынша, бұл туралы елдің сыртқы істер министрі Фуад Хусейн мәлімдеген.
Министрдің айтуынша, Бағдадтың дипломатиялық күш-жігері дағдарысты бәсеңдетуге және елді өңірлік қақтығыстың зардаптарынан қорғауға бағытталған.
Фуад Хусейннің сөзінше, қазір аймақтағы жағдай «соғыс та емес, бейбітшілік те емес» кезеңде тұр. Сонымен қатар ол текетірестің қайта өршіп, ахуалдың одан әрі ушығу қаупіне алаңдаушылық білдірген.