«Alphabet» облигация шығару арқылы 7 миллиард доллардан астам қаржы тартпақ
«Google» корпорациясының бас компаниясы «Alphabet» Гонконг және Сингапур долларымен алғаш рет шығарған облигацияларын сатып алуға инвесторлардан 7 миллиард доллардан астам өтінім алды.
Компания бастапқыда осы мақсатта 3 миллиард доллар тартуды жоспарлаған еді. Алайда инвесторлардың қызығушылығы күткеннен жоғары болды. Тартылатын қаражат жасанды интеллектіні дамытуға, жаңа технологиялар мен қажетті инфрақұрылымды қаржыландыруға бағытталады.
Мәліметке сәйкес, Гонконг долларымен шығарылған облигацияларды сатып алуға 4,1 миллиард долларлық, ал Сингапур долларындағы облигацияларға 3,1 миллиард долларлық өтінім түскен. Сұраныстың жоғары болуына байланысты «Alphabet» инвесторларға ұсынған пайыздық мөлшерлемені де төмендетті. Яғни компания қарыз қаражаты үшін бастапқыда көзделгеннен аз пайыз төлейтін болады.
Еске салайық, «Alphabet» өткен аптада 6 миллиард еуро, ал тамыз айында 25 миллиард доллар және 5,5 миллиард Австралия доллары көлемінде облигация шығарған.