ФОТОРЕПОРТАЖ: Айдаркөлдің айбынды келбеті
Шөл даланың төсіндегі орын тепкен тынық су айдыны жылдың әр мезгілінде өзінше түрленіп, әр қырынан ашыла түсетін Айдаркөлдің көрінісіне өзіндік ажар береді.
Көз ұшында – айналаны қоршаған құмды алқаптар, көлдің көгілдір түсі мен жағалаудан естілер толқын үнімен үндесіп тұрғандай әсер сыйлайды. Бір жағында шексіз дала, екінші жағында көз ұшына дейін созылған су айдыны жатыр. Осындай ғажап табиғи үйлесім тапқан осынау құтты мекен, табиғат жанашырлары үшін ғана емес, саяхатшылар үшін де қызыққа толы бағыттардың біріне айналып отыр.
Көл маңында ерекше экожүйе қалыптасқан. Су айдынында балықтың алуан түрі кездеседі. Бұл өңір су құстары үшін де қолайлы мекен саналады. Алғашқы жылдары мұнда қыстауға келген құстардың кейбір түрі бүгінде Айдаркөл маңынан кептпей жыл бойы тұрақ тапқан.
Дала мен су айдыны тоғысқан бұл өңірден табиғаттың сан алуан көрінісін тамашалауға болады. Құмдауыт жағалаулар, сирек кездесетін өсімдіктер, су бетінде қалықтаған құстар мен көкжиекке ұласқан көл көрінісі Айдаркөлдің қайталанбас келбетін айшықтай түседі.
[gallery-31354]
суреттерді түсірген С.АСЛОНОВ, ӨзА