Азия Пара ойындарының жеімпаздарын салтанатты қарсы алу рәсімі өтті
Биыл 19–24 қазан аралығында Жапонияның Аити және Нагоя қалаларында өткен V Азия Пара ойындарына қатысқан Өзбекстанның паралимпиадашылары елге зор жеңіспен оралды.
Ислам Каримов атындағы Ташкент халықаралық әуежайында беделді жарыстың жеңімпаздары, жүлдегерлері мен қатысушыларын салтанатты қарсы алу рәсімі өтті. Осыған орай әуежайға мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың өкілдері, спортшылар, паралимпиадашылардың ата-аналары мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері жиналды.
Рәсімге Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисі Сенатының Төрайымы Танзила Нарбаева, спорт министрі Адхам Икрамов, Президент жанындағы Әлеуметтік қорғау ұлттық агенттігі директорының бірінші орынбасары әрі Ұлттық паралимпиада комитеті төрағасының бірінші орынбасары Шахноза Мирзиёева және басқа да ресми тұлғалар қатысты.
Салтанатты шара барысында Сенат басшысы Танзила Нарбаева Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевтің құттықтауын оқып берді. Мемлекет басшысы өз құттықтауында паралимпиадашылардың жоғары жетістіктері елдің спорт тарихындағы жарқын белес екенін атап өтіп, олардың табандылығы мен жеңіске деген жігері миллиондаған жастарға үлгі болатынын жеткізді.
[gallery-32155]
Пара спортшыларды қарсы алу рәсімі көтеріңкі көңіл күйде өтіп, жеңімпаздарға гүл шоқтары табысталды. Әуежайда жиналған жанкүйерлер оларды қошеметпен қарсы алып, ел намысын абыроймен қорғаған спортшыларға ризашылықтарын білдірді.
суреттерді түсірген А.Мамадаминов, ӨзА