Астанада ТМҰ елдері ішкі істер министрлерінің үшінші кездесуі өтті
Астана қаласында Түркі мемлекеттері ұйымына мүше мемлекеттердің ішкі істер министрлерінің үшінші кездесуі өтті.
Кездесудің күн тәртібіне сәйкес, терроризм, экстремизм және трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа, сондай-ақ киберқауіптерге бірлесіп қарсы тұру мәселелері қарастырылды.
Адам саудасы мен заңсыз көші-қонға қарсы күрес, соның ішінде құқық қорғау органдары арасындағы ақпарат алмасу мәселелері де талқыланды.
Кездесуде негізгі тақырыптардың бірі ретінде ұйымға мүше және бақылаушы мемлекеттер арасында Қылмысқа қарсы күрес жөніндегі кеңес құру туралы келісім жобасы қаралды.
Кездесу соңында қауіпсіздік пен қылмыстың алдын алу саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту жөніндегі бірлескен декларацияға қол қойылды.
Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің ішкі істер министрлерінің келесі кездесуі 2027 жылы Түркияда өтетін болады.