АҚШ-та авиашоу кезінде екі әскери жойғыш ұшақ соқтығысып, жарылыс болды
Оқиға әуеде күрделі трюк орындау барысында болған. Ұшқыштар соңғы сәтте катапульт жасап ұшақтан шығуға үлгерген.
Айдахо штаты аумағында өткен «Gunfighter Skies» авиашоуы кезінде АҚШ-тың EA-18G Growler жойғыш ұшақтары бір-бірімен соқтығысып, жарылыс орын алған.
Алдын ала мәліметтерге қарағанда, оқиға әуеде трюк орындау кезінде екі ұшақтың бір-біріне шамадан тыс жақындауы салдарынан болған.
Төрт ұшқыш дер кезінде катапульт жүйесін пайдаланып, ұшақтан секіріп үлгерген.
Әзірге апаттың нақты себептері мен ұшқыштардың жағдайы туралы ресми ақпарат жарияланған жоқ.