АҚШ пен Парсы шығанағындағы араб елдері Ормуз бұғазы бойынша БҰҰ режолюциясын әзірлеуде
АҚШ Парсы шығанағындағы араб мемлекеттерімен бірлесіп, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне Иранды Ормуз бұғазын бөгегені үшін айыптайтын жаңа режолюция жобасын әзірлеуде.
АҚШ-тың БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі Майкл Уолцтің айтуынша, бұл бастама Бахрейн, Кувейт, Катар, БАӘ және Сауд Арабиясымен бірлесе әзірленіп жатыр.
Мәліметтерге сәйкес, құжатқа сауда кемелеріне жасалатын шабуылдарды тоқтату, теңізге миналар орналастыруға тыйым салу, сондай-ақ бұғаз арқылы өтетін кемелерден алым алуды доғару сияқты тармақтар енгізілген.