Бейбітшілік үшін Нобель сыйлығы Эфиопия премьер-министріне берілді
Кеше интернет беттерінде Бейбітшілік үшін Нобель сыйлығына үміткерлердің есімдері аталған тізімі пайда болған еді
Хабарлағанымыздай, кеше интернет беттерінде Бейбітшілік үшін Нобель сыйлығына үміткерлердің есімдері аталған тізімі пайда болған еді. Тізімде Эфиопия премьер-министріде бар болған.
Сонымен, 2019 жылғы Нобель сыйлығын Эфиопияның премьер-министрі Абий Ахмед Али алды. Бұл сыйлықты Эритреямен шекара қақтығысын шешуге көмектескені үшін берілді.
Норвегия Нобель Комитетінің төрағасы Берит Рейс-Андерсен бұл сыйлықты Абий Ахмед Али «Бейбітшілік пен халықаралық ынтымақтастыққа қол жеткізгені үшін» алды деп жариялаған.
Бұл шекарадағы қақтығыс 1998 жылы басталған, оның шарықтаған кезі 2000 жылдары болып соңына қарай аяқталған, бірақ 2018 жылдың жазына дейін көршілес елмен арада Бейбітшілік пен халықаралық ынтымақтастық келісімі болмаған. Дәл осы жылы Абий Ахмед Али көп дауыс жиып Эфиопия премьер-министрі болған кезіндегі ең назар аударған жұмысы шекара қақтығысын шешуге бағытталған келіссөздерді жүргізіп, Эритрея президенті Исаяс Афеверки мен бейбітшілік пен достық декларациясына қол жеткізді.
Сонымен Швециялық өнертапқыш және кәсіпкер Альфред Нобельдің өсиетіне байланысты тағайындаған сыйлық медицина, физика, химия және әдебиет салалары бойынша өз иелерін тапты.
Лауреаттарды марапаттау рәсімі дәстүрге сай 10-шы желтоқсанда Альфред Нобельдің өмірден қайтқан күнінде Стокгольмде өткізіледі. Нобель сыйлығы иегерлерінің әрбірі 900 миллон швед кронасы(740 000 фунт стерлинг) мен марапатталады.