ӨзА Қазақ

10.10.2019 Басып шығару нұсқасы

Әдебиет саласы бойынша Нобель сыйлығының лауреаттары анықталды

Әдебиет саласы бойынша Нобель сыйлығының лауреаттары анықталды

2019 жылғы Әдебиет саласы бойынша Нобель сыйлығы австриялық жазушы және сценарист Питер Хандкеге, «тілдік тапқырлықтың көмегімен адам тәжірибесінің шеткерілігі мен ерекшелігін зерттеген әсерлі жұмысы үшін» берілді.

Ал өткен жылғы бұл сыйлықты табыстау кезінде туған даудамайдан сыйлықты табыстау кейінге қалдырған болатын. Сондықтан 2018 жылғы әдебиет саласындағы Нобель сыйлығы поляк жазушысы және ақыны Ольга Токарчукке “шектеуден шығып, өмір формасын энциклопедиялық жалынмен баяндау қиялының шексіздігі үшін” берілді.

Ольга Токарчук Халықаралық Букер сыйлығыныңда иегері (2018).

Ал, ертең Бейбітшілік үшін Нобель сыйлығының иегері анықталады. Қазірдің өзінде бұл сыйлық иегері ретінде интернет беттерінде БҰҰ-да сөйлеген 16 жасар қыз Грета Тунбергті алады деген болжамдар айтылып жатыр.

14 719
ӨзА