Чехия премьер-министрі Орталық Азияға сапармен келеді
Чехия премьер-министрі Андрей Бабиш сәуір айының соңында Орталық Азия мен Кавказ елдеріне ресми сапар жасайды.
Мәліметтерге сәйкес, ол 26–30 сәуір күндері Әзербайжан, Қазақстан және Өзбекстан елдерінде болады. Сапар барысында Чехияның өнеркәсіп және сауда министрі Карел Гавличек пен чех кәсіпкерлерінен құралған делегациясы да болмақ.
Бағдарламаға сәйкес, делегация Баку, Астана және Ташкент қалаларында бірқатар кездесулер өткізеді.
Сондай-ақ сапар аясында бизнес-форумдар, салалық семинарлар және түрлі іскерлік шаралар ұйымдастыру жоспарланған. Прага билігінің мәлімдеуінше, бұл кездесулердің басты мақсаты — жаңа іскерлік байланыстар орнату және өзара экономикалық ынтымақтастықты кеңейту.